Олар қазірдің өзінде өз кәсіптерін ашып алған.
Қысқа мерзімді кәсіби оқуын аяқтаған 172 азаматқа өз мамандықтарының кәсіби иесі ретінде куәліктері салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында аудан бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқуын аяқтаған 172 азаматқа өз мамандықтарының кәсіби иесі ретінде куәліктері салтанатты түрде табысталды. Олар қазіргі таңда өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын дөңгелету үстінде.