ТҮРКІСТАН: Келесте 15 мыңға жуық күздік көшет отырғызылды

0
881

Бүгінгі таңда «Жасыл Желек» КММ-нен 14 200 дана ағаш көшеті алынды.


ТҮРКІСТАН: Келесте 15 мыңға жуық күздік көшет отырғызылды

Келес ауданына 25 300 дана ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігінің көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес, 2023 жылдың күз айларына жоспар бойынша Келес ауданына 25 300 дана ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда «Жасыл Желек» КММ-нен 14 200 дана ағаш көшеті алынды. Атап айтқанда, арша – 265, туя – 285, қарағаш – 10 000, терек – 300, үйеңкі 3 350 дана. Алдағы уақытта 11 100 дана айлант, катальпа, аморфа, терек, үйеңкі, арша және туя көшеттері алынатын болады.


Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен жиында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан Шірінбеков мәлім етті.


Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев әрбір егілген ағаш көшеттерінің өсуіне ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері жауапты екенінін баса айтты.


«Ауылдық елді мекендерді аралап, егілген көшеттердің тамыр алуын қадағалаудамыз. Өкінішке қарай егілген ағаштарға күтім өз уақытында көрсетілмеуінің нәтижесінде көгермей тұрған көшеттерді көрдік. Бұл сол аумақтың басшысына үлкен сын. Ендігі кезекте егілген ағашқа қажетті күтім көрсетілмесе сол аумаққа жауапты бірінші басшының жауапкершілігін қараймыз», – деді ол.