ТҮРКІСТАН: Келесте 150 тұрғын үйге таза ауызсу берілді

0
1 946

Ауызсу мәселесі аталған ауылдарда толықтай шешілді.


ТҮРКІСТАН: Келесте 150 тұрғын үйге таза ауызсу берілді

Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округінің ауыз су мәселесі толықтай шешілді, деп деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданы, Қошқар ата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекеніндегі М.Әуезов және Парасат көшесін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінде аталған көшелерде ауызсу жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 150 тұрғын үйге таза ауызсумен қамтылды. Қазіргі таңда аталған ауылдық округте ауыз су мәселесі толықтай өз шешімін тауып отыр.

Бесқұбыр елді мекеніндегі тұрғындарының қуанышты сәтімен бөлісуге Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы келіп, жүргізілген ауызсу жүйесінен шыққан судың дәмін татты.

Айта кетейік, аудан көлемінде жалпы 83 елді мекен болса, қазіргі таңда 40 елді мекен таза ауыз сумен қамтылған. Ағымдағы жылдың соңына таяу таза ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 46-ға жетіп, пайыздық көрсеткіш 58,2% межеге жету жоспарланып отыр.