ТҮРКІСТАН: Келесте 4 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды

0
467

Оның 754-і жасы 29-ға жетпеген жастар.


ТҮРКІСТАН: Келесте 4 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Келес ауданында 4 мың 200 адам тұрақты жалақысы бар жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысы Келес ауданында 4 мың 200 адам тұрақты жалақысы бар жұмысқа орналасқан. Оның 754-і жасы 29-ға жетпеген жастар болса, тұрақты жұмыс тапқандардың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жаза басып, істі болғандар да бар. Ел қатарлы еңбекке араласқандардың 60-ы - мүмкіндігі шектеулі және 18-і пробация есебінде тұрғандар.


Сонымен қатар, ауданда мемлекеттің қолдауын пайдаланып, жеке кәсібін бастағандар да жетерлік. Мұнан бөлек жоғары, орта арнаулы оқу орындарын бітірген 137 жас маман биыл қоғамдық ақылы жұмыстарға орналасқан.