ТҮРКІСТАН: Келесте жас кәсіпкерлер даярланып жатыр

0
2 281

Келесте кәсіпкерлік бойынша арнайы курсты бітірген азаматтар тереңнен білім алып, алдағы уақытта алған білімдерін өз кәсіпкердігінде кеңінен қолдануды жоспарлап отыр


ТҮРКІСТАН: Келесте жас кәсіпкерлер даярланып жатыр

Келес ауданында «Бастау бизнес» жобасының екінші кезеңі аяқталып, нәтижесінде 44 жоба қорғалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан, Келес ауданының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бастау бизнес» жобасының екінші кезеңі аяқталып, нәтижесінде 44 жоба қорғалып, Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев төрағалық еткен комиссия мүшелері тарапынан мақұлданды. Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы және өңірлік "Атамекен" Ұлттық қәсіпкерлер палатасы тарапынан "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары жүргізілді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының берген мәліметі бойынша, 1-ші топта 33 азамат оқу курсын аяқтады. Ағымдағы жылдың 28-ші мамырында 2-ші топ бітірушілері, яғни 53 азаматтан 44 азамат аталмыш курстарда оқуды аяқтады. Курсты бітірген азаматтар кәсіпкерлік бойынша тереңнен білім алып, алдағы уақытта алған білімдерін өз кәсіпкердігінде кеңінен қолдануды жоспарлап отыр. Болашақ кәсіпкерлер алдағы уақытта дәнекерлеу жұмыстарын, кондитерлік цехін, түйе және ірі қара мал шаруашылығы бағыттарын ашуды көздеп отыр. Олардың бәрі кәсіпкерлік қабілетті анықтайтын алдын ала тестілеуден өтті. Жалпы курс 12 тақырыптық бөліктен тұратын 1 айлық оқу. Алғашқы сабақтар бизнестің психологиясына және кәсіпкерлік негіздерін анықтауға арналады.