ТҮРКІСТАН: Келесте зиянкестерге қарсы күрес жүргізілуде

0
1 270

Келесте ауданында нақты 4078 гектар химиялық залады аймақ анықталған.


ТҮРКІСТАН: Келесте зиянкестерге қарсы күрес жүргізілуде

Келес ауданында Марокко шегірткесіне қарсы дәрілеу шарасы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РММ-нің 2018 жылдың күз айларында жүргізген анықтау зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шегіртке зиянкестерінің тұқым қойған аумағының көлемі 2019 жылы Келес ауданы бойынша 36 675 га өңдеуге жоспарланған.

Шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау, оларды жоюды сапалы әрі уақтылы аяқталу үшін арнайы Келес ауданы әкімдігі тарапынан жұмысшы топ құрылды. Нәтижесінде Келес ауданы бойынша өңделетін жер көлеміне химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылдың сәуір, мамыр айларында 350 мың га алқапта мониторинг анықтау зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда нақты 4078 га химиялық залады аймақ анықталып, зиянкестердің көзі жойылды.

Бүгінгі таңда шегіртке зиянкестерінің тұқым қойған аумағын анықтау мақсатында Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РММ-нің Келес ауданық филиалы тарапынан аудан бойынша 267 мың га жерге мониторинг жүргізіліп, 2020 жылға 35 550 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге болжам жасалуда.