Тұрғындар мәселесі алдағы уақытта шешімін табады.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына тұрғын үйге жер беру, табиғи газ және таза ауызсу мәселелері енгізілген.
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Манахова Галия, Бектаев Эрнар және Әбдімәлік Мұхтар штабтың қоғамдық қабылдау секторының мүшесі Мамадияр Ибраевпен бірге азаматтарды жеке қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға келушілер негізінен тұрғын үйге жер беру, табиғи газ және таза ауызсу мәселелері бойынша жүгінді. Азаматтарға бірқатар мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, табиғи газ және ауызсу мәселелері бойынша жоспарлар партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілгенін, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Келес ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді