ТҮРКІСТАН: Келестік шаруалар әр гектардан 90 тонна пияз алуды көздеп отыр

0
691

Былтыр еккен өнім биыл сатуға дайы тұр.


ТҮРКІСТАН: Келестік шаруалар әр гектардан 90 тонна пияз алуды көздеп отыр

Келестік шаруа 2 гектар суармалы жеріне өткен жылдың тамыз айында пияз өнімін қондырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес өңірінде көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстары қыза түседі. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады. Солардың бірі – келестік шаруа Өмірзақ Мақсат. Ол үш жылдан бері пияз егіп, табысын еселеуде. Шаруа Жаңадәуір ауылында орналасқан 2 гектар суармалы жеріне өткен жылдың тамыз айында пияз өнімін қондырып, биылғы жылдың маусым айының басында еккен өнімін саудалауға дайын отыр.


«Пияз егумен үш жылдан бері айналысып келеміз. Өнімнің тұқымын көрші Өзбек елінен алдырамыз. Олар Кореядан дақылдарды арнайы алдырып, сұраптап саудалап отыр. Биылғы еккен пиязымыздың сорты – Пассад деп аталады. Бұл сұрып ұзақ күнде дайын болуымен ерекшеленеді. Есесіне өнім мол алынады. Өткен жылдың тамыз айында тұқымын жетілдіріп, Қазан айында көшет қылып отырғыздық. Қысымен қардың астында жатады. Көктемде өңдеу жасалып, өнім алуға дайындаймыз», - дейді Өмірзақ Мақсат.


Шаруа мол өнім алуда кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ түретінін атап өтті. Олар өнімді еселеу үшін түрлі сыналған дәрумендер береді екен. Нәтижесінде пияз еккен шаруалар гектарынан 80-90 тоннаға дейін өнім алуға болады екен. Айта кетейік, биыл Келес ауданында 27 мыңнан аса аумаққа егін егілсе, оның 11 мыңға жуық жеріне бақша, көкөніс өнімдері егілген. Жалпы өткен жылы шаруалардың тынымсыз еңбегінінің арқасында аудан бойынша 458 359 тонна өнім өндірілген.