ТҮРКІСТАН: Келестіктерге 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ұсынылды

0
514

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да жұмысқа орналасты.


ТҮРКІСТАН: Келестіктерге 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ұсынылды

Келестік тұрғындарға 102 тұрақты бос жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген жоспарға сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудандағы жалпы жұмыссыз, жұмыс іздеушілер арасында арнаулы –орта және жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерге тұрақты жұмыс орындарын ұсынуға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды.


Аталған жәрмеңкеге ауданның 36 жұмыс берушілері 102 тұрақты бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Солтүстікке көшіруді ұйымдастыру бойынша ашық есік жұмыс орындары атап айтқанда, Павлодар облысы Баян ауыл және Успенко ауданынан 85-бос жұмыс орындары ұсынылды.


Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатысып, нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына жолданды, жолданған азаматар ішінде, аудан әкімдігінің 05.03.20210 жылғы №65 санды қаулысына сәйкес, 2 жұмыс беруішіге 2 мүмкіндігі шектеулі азамат атап айтқанда, «№13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне» 1, №56 «Т.Белгібаев» атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне» 1 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.