ТҮРКІСТАН: “Кең дала” бағдарласымен қаржыландыру жүріп жатыр

0
94

Солардың бірі – «Кең дала» бағдарламасы.


ТҮРКІСТАН: “Кең дала” бағдарласымен қаржыландыру жүріп жатыр

Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін көрсетіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін көрсетіп келеді. Солардың бірі – «Кең дала» бағдарламасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көктемгі егін егу мен жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыру, яғни қысқа мерзімді жеңілдетілген несие беру қолға алынған болатын.


2024 жылы Түркістан өңірінде 1623 жобаға несие берілді. Ал бағдарламаны іске асыру мақсатында 11,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2110 адам жұмыспен қамтылды.


2025 жылы 12,3 млрд теңгені құрайтын 1700-ге жуық жобаны қаржыландырып, 2200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 2 млрд теңге таратылып, 221 шаруа қожалығы қаржы алып үлгерді. 287 жаңа жұмыс орны құрылды.


Өңірде бұл жұмыстарды үйлестіру «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на қарасты «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не міндеттелген.


Қазіргі таңда құжаттар үздіксіз қабылдануда. Үміткерлер 500 мың теңгеден 300 млн теңгеге дейінгі сомада қаржылай қолдауға ие бола алады. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%. Жеңілдікпен өтеу шарттары қарастырылған.


Бастама ең алдымен шаруаларға үлкен көмек көрсетуде. Сонымен қатар Түркістан өңіріндегі агроөнеркәсіпті ілгерілетуге мол ықпал жасауда.

Бөлісу