ТҮРКІСТАН: Кентау көшелері жөндеуден өтіп жатыр

0
1 193

Мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Кентау көшелері жөндеуден өтіп жатыр

Кентау қаласының әкімі ауылдарды аралады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қалаға қарасты Майдантал және Жібек жолы ауылдық округтерінде болды. Ең алдымен білім нысандарына барып, ондағы жаңа оқу жылына дайындық барысын бақылады.

Атап өтсек, жаңа оқу жылында шалғай елді-мекендердегі шағын жинақы мектептер мен 1-4 сынып аралығында кезекшілік топтар жұмыс жасайды. Балалардың мектепке келіп білім алуы ата-аналарының рұқсатымен жүзеге асырылмақ.

Содан соң қала әкімі ауылдарды аралау барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарын аралады. Майдантал ауылдық округінің Қаражон елді-мекеніндегі Құсшы ата, Ақсарай көшелеріне тас төселіп, орталық мешіт көшесіне жарық орналастырылған. Ал Ынтымақ елді мекеніндегі Жансүгіров көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар Жібек жолы ауылдық округінде осы бағдарлама аясында Асубаев көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, екі көшеге аяқ жолдар салынған. "Жол картасы" бағдарламасы аясында ауылдағы Исабеков көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылаған қала әкімі жұмыс сапалы әрі уақытында нақты орындалу керектігін атап, ауыл әкімдері мен мектеп басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.