​ТҮРКІСТАН: Кентауда 120 отбасы баспаналы болды

0
1 329

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында екі тұрғын үйдің кілттері пәтер иелеріне табысталды.


​ТҮРКІСТАН: Кентауда 120 отбасы баспаналы болды

Кентауда 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Бекайдар Әлімбетов жаңа пәтер иелерін құттықтады.
"Биыл мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Кентау қаласында 5 тұрғын үй салынды. Оның үшеуін бұған дейін пайдалануға бердік. Бүгін екі тұрғын үйдің кілттерін тапсырып отырмыз. Келер жылы 10 үй пайдалануға беріледі. Кентау қаласы облыс орталығына ең жақын қала болғандықтан, Түркістанмен қатар дамитын болады", - деді Бекайдар Әлиярұлы.
Көпбалалы ана Жадыра Нысанбаеа 2012 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрады. Бүгін өз пәтерінің кілтін алып отырған ол, аналарды қолдап отырған облыс және қала басшылығына алғысын айтты.
Ал, Оразкүл Бажақова бүгінге дейін жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп күн көріпті. Ендігі жерде өз үйіне көшіп келуге асығып отыр.
"Қала басшылығына үлкен алғыс айтамын. Өте қуаныштымыз. Өз үйімізге көп ұзамай көшіп келеміз", - дейді ол.