Иновациялық жүйедегі заманауи құрылғылармен жабдықталған қос зертхана студенттер мен магистранттарға арналған.
Түркістан облысы, Кентау қаласында 42 млн. теңгеге жарақтандырылған қос бірдей зертхана ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Кентау институтының базасында іске қосылған жобаның бас демеушісі «Alageum Electric» холдингтік компаниясы.
Иновациялық жүйедегі заманауи құрылғылармен жабдықталған қос зертхана студенттер мен магистранттарға арналған.
Екі зертханада студенттерді төрт бағытта, яғни робототехника, ақпараттық жүйелер, электро-энергетика және автоматтандыру мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасымен дайындайды. Үш күн теориялық сабақ алған студенттер, КТЗ зауытына барып екі күн бойы тәжірибеден өтеді.
Ілияс Қожабаев атындағы “Smart Sensor Systems” және “Alageum Lab” атты замануи зертхана құрылымының мақсаты — электроэнергетика, автомтика ғылымдары мен инженерия білім беру саласында қазіргі замануи және өндірістік тәжірибеге негізделген білім бере отырып, бәсекеге қабілетті инженерлік мамандарды даярлау.
Салтанатты шараға қатысқан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректоры Болатбек Абдрасилов, І- вице-президент Женгиз Томар, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов және «Alageum Electric» компаниясының басшысы Сейдулла Қожабаев озық үлгідегі ғылыми зертхана кабинеттерінің лентасы қиды.