374 шақырымды құрайтын 427 көше бар.
Кентау қаласында асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы Кентау қаласы бойынша 374 шақырымды құрайтын 427 көше бар. Былтыр жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 70 пайызды құрап, 262 шақырым жолға асфальт төселген. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.
Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы құрылысы жүріп жатқан көшелерді аралап, жұмыс барысын бақылады. Аралау барысында мердігер мекемеге жол құрылысының сапасын басты назарға алуды, межеленген уақытта ақтауды тапсырды. Ал жауапты орынбасары мен тиісті бөлім басшысына құрылыс барысын ұдайы бақылап отыру керектігін айтты.
Айта кетейік, бүгінде Кентау қаласындағы асфальт төселетін жолдардың ұзындығы – 297. Сонымен қатар биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Хантағы ауылының 3 көшесіне және Ащысай ауылына қарасты 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.