ТҮРКІСТАН: Кентауда көктемгі дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
71

Аталған іс-шаралар жыл сайын екі рет – көктем және күз мезгілдерінде ұйымдастырылады.


ТҮРКІСТАН: Кентауда көктемгі дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

Кентау қаласында көктемгі дезинфекция жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары ұсталатын қора-жайлар мен іргелес аумақтарда көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Аталған іс-шаралар жыл сайын екі рет – көктем және күз мезгілдерінде ұйымдастырылады. Арнайы қорасы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын тұрғын үйлер үшін бұл жұмыстар мемлекет есебінен тегін жүргізіледі.

Айта кетейік, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ол кене шаққан кезде немесе кененің қаны адамның терісіне не шырышты қабатына тиген жағдайда жұғуы мүмкін.

Осыған байланысты қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, аула мен қора-қопсыны таза ұстауға, сондай-ақ мал қалдықтарын дер кезінде тазалауға шақырамыз.

Бөлісу