ТҮРКІСТАН: Кентауда қоқыс тастағандарға айыппұл салынып жатыр

0
93

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынатыны ескертіледі.


ТҮРКІСТАН: Кентауда қоқыс тастағандарға айыппұл салынып жатыр

Кентауда белгіленбеген орындарға қоқыс тастағандарға айыппұл салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында «Таза Қазақстан» шарасы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тұрғындар арасында тазалық сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Алайда қала көлемінде тұрмыстық қалдықтарды тастауға рұқсат етілмеген жерлерде қоқыстар ретсіз шашылып жатқаны анықталуда.


Осы мақсатта жауапты сала мамандары мен қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде аулалардағы белгіленбеген орынға түрлі тұрмыстық қалдықтарды тастап жатқан азаматтар анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.


Тұрмыстық қалдықтарды ортақ пайдаланылатын орындарға, саябақтарға, аула маңына, оның ішінде белгіленбеген орындарға тастаған тұлғалар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынатыны ескертіледі.

Бөлісу