ТҮРКІСТАН: Кентауда өткен сенбілікке 2000 адам қатысты

0
251

Алдағы уақытта қала көлемінде мұндай шаралар жалғасады.


ТҮРКІСТАН: Кентауда өткен сенбілікке 2000 адам қатысты

ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Кентау қаласының тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, қаланы күл-қоқыстан тазартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, қаланың 6 аймағында сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Оған қала кәсіпкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері, қалалық емхана және аурухана қызметкерлері, білім бөліміне қарасты мекемелер, барлық қала әкімдігіне қарасты сала қызметкерлерінен құралған 2000- ға жуық адам жұмылдырылды.


Тазалық шарасы қаладағы Кеншілер саябағында, Д.Қонаев даңғылы, Кентауға кірер тас жол бойы, Т.Рыскұлов көшесі, Спорт мектептері, мектеп және балабақша мекемелерінің аулаларында өткізілді.


Қаланың тазалығын сақтауға, таза қала бейнесін қалыптастыруда кентаулықтар үздіксіз атсалысып келеді. Алдағы уақытта қала көлемінде мұндай шаралар жалғасады.