Бүгінде шағын цехта 10-нан астам станок бар.
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылдық окруігінде Әшірбаевтар отбасы шағын цех ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылдық окруігінде Әшірбаевтар отбасы шағын цех ашып, іске қосқан. Онда темірден барлық қажетті құралдар шығарылады. 2013 жылы екі станокпен бастаған олар, түскен табыстарына кәсібін ұлғайтқан. Бүгінде шағын цехта 10-нан астам станок бар. Темірден 100-ге жуық өнім түрін жасайды. Әсіресе, ауылшаруашылық саласы мен жол салатын техникаларды реттеу бойынша көп тапсырыс түседі. Темір шеберлері кез келген техниканы жөндейді. Үй ауласынан кәсіп ашқан ұсталардың айтуынша, бұл салада жұмыс істеу үшін арнайы мамандық иесі болу қажет.
«Жұмысшы санын арттыруды көздеп отырмын. Алайда техникалық мамандықты бүгінгі таңда оқитындар аз. Оқығанның өзінде де мұндай жұмыстарды бірден алып кете алмайды. Бұл жұмыс шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді. Сол себепті әкем екуіміз ғана жұмыс істеудеміз. Алдағы уақытта цехты ұлғайтатын болсам, оқу орындарынан жас мамандарды жұмысқа тартсам деген жоспарым бар», – дейді Р. Әшірбаев.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қабылдауында болған жас кәсіпкердің жұмысымен танысу мақсатында цехына арнайы барды. Қала әкімі цехты ұлғайтуға индустриялды аймақтан жер қарастыру жағын сала басшысына тапсырып, барынша қолдау көрсету қажеттігін айтты.
Кәсіп иесі алдағы уақытта зауыт ашуды көздеп отыр.