ТҮРКІСТАН: Кентауда татар-башқұрт этносының мерекесі аталып өтті

0
769

Түркістан облысында 8700-ден аса татар этносының, ал 600-ге жуық башқұрт этносының өкілдері тұрады.


ТҮРКІСТАН: Кентауда татар-башқұрт этносының мерекесі аталып өтті

Кентау қаласында татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті. Бұл шара Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің «Тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.


Елдегі тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында өткен шараға облыстық ҚХА мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.


Іс-шарада Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов барша қатысушыларды құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық – біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті.


Салтанатты жиын барысында Ерназар Көпжасарұлы жақында мерейлі 63 жасқа толған Түркістан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Фарид Аюповқа жылы лебізін арнап, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың арнайы Алғыс хатын табыс етті. Өз сөзінде этномәдени бірлестік төрағасы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғаны үшін алғысын жеткізді.


Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген этномәдени бірлестік өкілдері облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.


Бүгінде Түркістан облысында 8700-ден аса татар этносының, ал 600-ге жуық башқұрт этносының өкілдері тұрады. Татар-башқұрт этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өңірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып келеді.