ТҮРКІСТАН: Кентауда үшем дүниеге келді

0
213

Үшемдердің екеуі ұл, біреуі - қыз.


ТҮРКІСТАН: Кентауда үшем дүниеге келді

Кентау қаласы, Хантағы ауылында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласы, Хантағы ауылының тұрғыны, Бақыткүл Саттархан үшемді дүниеге әкелді. Үшемдердің екеуі ұл, біреуі - қыз. Оларға Бағым, Аңсар, Аслан есімдері қойылды. Айта кетейік, үшемдер мерзімінен бұрын, жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келген. Сәбилер 1.480, 1.380, 1.280 грамм салмақта дүние есігін ашты.


Бүгінде нәрестелер 2 айға жуық тексеру, күтіп-баптау жұмыстары бойынша дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ, ана мен балалардың жағдайы бірқалыпты. 28 жастағы Бақыткүл Саттарханның айтуынша, ол тұңыш баласын 6 жыл күткен. Енді араға бір жыл салып үшемдер туылған. Бүгінде Ермахановтар отбасында үлкен қуаныш.


Айта кетейік, қала әкімінің орынбасары, Ақнұр Байболова үшемдердің шаңырағына барып, қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, сәбилерге арналған сыйлықтарын табыстады.


Жалпы жыл басынан бері Кентау қаласында 765 сәби дүниеге келген. Оның 18-і егіздер болса, үшемді дүниеге әкелген бір ана.