ТҮРКІСТАН: Кентауда заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды

0
51

Замануи спорт кешені 2 қабатты.


ТҮРКІСТАН: Кентауда заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды

Кентау қаласында заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында заманауи спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бүгінде нысанда іргетас құю, темір бағаналардың қаңқасын орнату және кірпіш қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Замануи спорт кешені 2 қабатты. Мұнда үлкен әмбебап спорт залы, күрес және бокс залдары, шығыс жекпе-жектеріне арналған және көркем гимнастика залы, киім ауыстыратын бөлмелер, жуынатын және санитарлық және қызметкерлерге арналған бөлмелер қарастырылған. Кешен толық пайдалануға берілгеннен кейін 1000-ға жуық спортшы жаттыға алады деп жоспарлануда.


Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Қала әкімі нысанның алғашқы кірпішін өзі қалап, құрылысшыларға жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Бөлісу