ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа білім ұясы пайдалануға беріледі

0
1 776

500 балаға арналған.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа білім ұясы пайдалануға беріледі

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 500 балаға арналған жаңа мектеп қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептің аумағы 20 га жуық аумақты қамтиды. Айта кететіні, мектеп жанынан жатақханада қоса салынуда. Онда алыс аймақтардан келіп оқитын балалар жайғастырылатын болады. Жаңа білім ордасының құрылысы - 487 млн теңгені құрайды.


Мектеп түгелдей заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұнда оқушыларға сапалы білім алуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Білім ұясында 25 сынып бөлмелері мен 150 орындық мәжіліс залы, 200 орындық асхана бар. Сондай-ақ мектепте пән бөлмелері, спорт зал, кітапхана бар. Онда оқушылар бір ауысымда оқитын болады.


Алыстан келетін ауыл балалары үшін көлік тасымалы қарастырылған. Мектеп аумағынан балаларға арналған ойын алаңқайлары мен спорт кешендері салынған. Жаңа білім ұясында 60-қа жуық ұстаз және көмекші кадрлар тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Алдағы уақытта мектеп аумағынан заманауи балабақша және сауықтыру лагерін салу жоспарлануда.