ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа электер станциясын салу мәселесі қаралды

0
520

Жобаның облыс үшін маңызы орасан.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа электер станциясын салу мәселесі қаралды

Кентау қаласында жаңа газ турбиналар электр станциясын салу көзделуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жаңа газ турбиналар электр станциясын салу көзделуде. Жобаның облыс үшін маңызы орасан. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлармен бірге маңызды мәселені талқылады. Жобаның экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, облыс әкімдігі жобаны іске асыруға толықтай қолдау білдіреді.


Потенциалды инвестор тарапынан қуаттылығы 240 МВт, жылу қуаттылығы 160 ГКал/сағ өндіретін станция салу ұсынылуда. Инвестиция көлемі 140 млрд.теңгені құрайды. Ауқымды жобаны алдағы үш жылда іске асыру жоспарланған.


Кездесуге қатысқан потенциалды инвестор «Қазақстандық коммуналдық желілер» ЖШС-ң басшылығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылатын жаңа жобаға қатысты өз ойларын ортаға салды.


Кентаудағы №5 жылу энергия орталығы осыдан тура 90 жыл бұрын салынған. Мұндағы негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған. Қазіргі кезде аталған жылу энерго орталығының қызметін 14 мың абонент тұтынып отыр.

Бөлісу