ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңадан екі мектеп салынады

0
436

Қазіргі таңда, жер телімі бөлініп, құжаттары әзірленді.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңадан екі мектеп салынады

Кентауда екі жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Кентау қаласында 1500 орындық 2 мектеп құрылысы жүргізіледі. Қазіргі таңда, жер телімі бөлініп, құжаттары әзірленді.


Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов сала мамандарымен бірге, мектептің құрылысы жүретін аймаққа барды. Құрылыстың жобасы талқыланды. Заманауи жаңа мектептер 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелерін қарап, жүзеге асыру бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда ұлттық жоба бойынша мектеп инфрақұрылымын жаңғырту жайы әзірленуде.


Жаңа форматтағы оқу орындарының ауқымды құрылысы кезінде қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және т.б. толық жабдықтармен қамтылады.


Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша 25 мектеп бар. Оның 23 мемлекеттік болса, 2-уі жекеменшік білім беру мекемесі. Қалада жалпы 20 055 оқушы білім алуда.