ТҮРКІСТАН: Кентаудағы жөндеу жұмыстары тағы бір рет тексерілді

0
101

Жұмыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Кентаудағы жөндеу жұмыстары тағы бір рет тексерілді

Дархан СатыбалдыКентау Жылу электр орталығындағы қайта құру жұмыстарын кезекті рет тексеріп, жұмыс барысын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан СатыбалдыКентау қаласындағы «Кентау Сервис» МКК №5 Жылу электр орталығындағы тозығы жеткен қазандықтарды қайта құру жұмыстарын кезекті рет тексеріп, жұмыс барысын қадағалады. Мамандармен, мердігер компания өкілдерімен, инженерлермен пікір алмасты. Жұмыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.


«Бұл стратегиялық нысанның құрылысы өте маңызды. Жоспарланған қазандықтарды ауыстыру жұмыстарын уақтылы аяқтап, жылыту маусымына дайын болу керек. Біздің тарапымыздан толық қолдау көрсетілуде. Мәселелер болса, айтыңыздар. Жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, жоспарға сай аяқтау керек», – деді Дархан Сатыбалды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Кентау қаласының №5 ЖЭО жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Қазіргі уақытта 6 қазандықтың қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, №8, 11 қазандықтар 30 тамызда аяқталды, №9,10 қазандықтар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. №7 және №12 қазандықтардың қайта құру жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Бұдан бөлек, 2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. №5 қазандықты жөндеу бюджет есебінен, №6 қазандықты жөндеу демеушілер есебінен іске асырылуда. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Жұмыстардың мерзімінде әрі сапалы аяқталуы қатаң бақылауға алынған. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестігі тетігі арқылы 240 МВт жаңа газотурбиналық электр станциясының құрылысы жобасын іске асыру үшін үш жақты келісімге қол қайылып, Жол картасы бекітілді.


Айта кетейік, Кентау қаласының жылу электр орталығының іргетасы 1934 жылы қаланып, жабдықтары 1952 жылы орнатылды. Қала бойынша жылу тұтынушы 3255 нысан бар болса, жалпы абоненттер саны –16 мыңға жуық.