ТҮРКІСТАН: Кентаудың трансформаторына сұраныс жоғары

0
658

Мұнда бүгінде 1200-ге жуық жұмысшы еңбек етеді.


ТҮРКІСТАН: Кентаудың трансформаторына сұраныс жоғары

Кентау қаласындағы трансформатор зауытында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру мақсатында арнайы жиын өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын барысында "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-ның Басқарма төрағасы Хайрулла Бәйділдаұлы кәсіпорынның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін сөз етіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, ол еңбек ұжымымен пікір алмасты.

Өздеріңізге белгілі бұл зауыт Кентау қаласының ғана емес, еліміздің экономикасына да елеулі үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда бүгінде 1200-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Зауыт қазіргі таңда жергілікті халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, еңбеккерлеріне жоғары жалақы ұсынып отыр. Зауыт трансформаторлары алыс-жақын шетелдерге экспортталуда.

Зауыт бүгінгі таңда инновациялар локомотивіне айналып келеді. Көлемді арттыру және бұйымдардың жаңа түрлерін игеру қажеттіліктеріне қарай жаңа цехтар салып, мүмкіндіктерін арттыра түсуде. Соның арқасында зауыт қуаты жоғары, электр құрылғысын дайындап шығарды. Бір мезетте бүтін ауданды жарықпен қамтамасыз етуге қауқарлы трансформатордың барлық жинақтауыш бөлшектері зауыттың өз өндірісінде әзірленеді. Өндіріс орны жас мамандарды да өздерінде даярлайды. Зауыттың еншісіндегі политехникалық колледждің студенттері дуалды оқыту жүйесі арқылы практикаға көптеп қатыстырылады.

Жиын барысында зауыт жұмысын жандандыру, мамандарды бәсекеге қабілетті ету, сапалы өнім өндіріп, әлемдік нарықты бағындыру бағыттарында да әңгіме қозғалды.