ТҮРКІСТАН: Кезекті қоғамдық қабылдау өтті

0
184

Әр мәселе жан-жақты зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.


Жеке қабылдауға келген тұрғындар сан түрлі мәселе көтерді. Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны «Жаңа қала» мөлтек ауданында әлеуметтік дүкендер, кәсіпкерлік қызмет алу мәселелері бойынша өтінішін білдірді. Өтініш иесіне нақты жобамен ұсыныс беру қажеттігі түсіндірілді.


Келес ауданы, Бәйтерек елді мекенінен келген азаматша тігін цехын кеңейту мақсатында ғимарат табуға көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету керек екенін айтып, сала басшысына жалдау құны қолжетімді ғимарат қарастыруды тапсырды.


Кентау қаласынан келген кәсіпкер кәсіпкерлікпен айналысуда туындаған кедергілер бойынша шағым білдірді. Мәселе медиативтік келісімге келу арқылы шешу келісілді.


Тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров әр мәселе жан-жақты зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді.