ERNUR.KZ. Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына қалаға қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында қала аумағындағы шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен көшелердегі қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Таза қала – әрбір тұрғынның ортақ міндеті мен жауапкершілігі. Қоршаған ортаны қорғау, қаланың көркін сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар Түркістан қаласында жүйелі түрде жалғасын таба береді.


