ТҮРКІСТАН: Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі қаралды

0
173

Күн тәртібінде МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту және ақпараттандыру мәселесі қаралды.


ТҮРКІСТАН: Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі қаралды

Түркістан облысының әкімдігінде Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне халықты тарту жөніндегі штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп отырды. Өңірлік штабқа жауапьы басқармалардың басшылары мен өкілдері, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары онлайн-офлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту және ақпараттандыру мәселесі қаралды.


Тақырыпқа қатысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Бақыт Исмаханбетов баяндама жасап, сақтандырылған тұрғындар динамикасын таныстырды. Мәлімдеуінше, өңір көлемінде 2025 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша медициналық ұйымдарға тіркелген азаматтар саны — 2 млн 74 мыңнан астам. Оның ішінде сақтандырылғандар саны — 83,4% болса, сақтандырылмағандар саны — 16,6%. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда және өзге аймақтарға қоныс аударғандарды қоса алғанда 29 мың адамға төмендегені белгілі болды. Аудан, қала кесіндісіндегі статистикада Отбасының цифрлық картасы тізімі тұрақты өзектендіріліп, жаңартылады. Филиал жетекшісі МӘМС жарналарын төлеу механизмі және қате төленген жарналарды қайтару алгоритмі бар екенін айтты. Өтініштерді жолдау қағаз жүзінде, Egov порталы және мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.


2025 жылдың 2 тоқсанының қорытындысына сәйкес тұрғындар тарапынан жалпы 350-ден астам арыз-шағым келіп түскен. Бейсенбай Дәулетұлы әрбір талап-тілекті назарға алып, жұмыс жүргізуді жүктеді. Облыс әкімінің орынбасары жұмысты тиісті деңгейде атқармаған аудан, қалалардың жауапты басшыларына ескерту айтып, жандандыруды тапсырды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халықтың мүддесі үшін қажет екенін еске салды. Халықты МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету мен ақпараттық-түсіндіру шаралары жалғасады.

Бөлісу