ТҮРКІСТАН: Халықтық кеңсе 60 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсеткен

0
763

Өтініштердің 3723-і орындалып, 184 өтініш қатыстылығына қарай тиісті органдарға жолданды.


ТҮРКІСТАН: Халықтық кеңсе 60 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсеткен

Түркістанда Халықтық кеңсе қызметі жүйелі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қалалық Халықтық кеңсе қызметі жүйелі жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мекемеде 3907 өтініш тіркелген. Оның 3421-ы жеке тұлғадан, 486-ы өтініш заңды тұлғадан түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1716 өтінішке азайған.


Көрсеткіштерге сәйкес, өтініштердің 3723-і орындалып, 184 өтініш қатыстылығына қарай тиісті органдарға жолданды. Ал 120 өтініш бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.


Өтініштердің 924-і тұрғын үй саласы, 846-ы жер қатынастары саласы бойынша болса, инфрақұрылым саласы бойынша – 605, құрылыс – 406, әлеуметтік сала – 301, кәсіпкерлік туризм саласы – 88, өзге мәселелер – 459, мәдениет, спорт – 156, ішкі саясат – 73, цифрландыру саласы бойынша 49 өтініш қаралған.


Аталған мекемеге Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың жеке қабылдауына жазылу үшін – 210 өтініш тасталған.


Шаһар басшысы 190 тұрғынды жеке мәселесімен қабылдап, тиісті бөлімдерге 245 тапсырма жүктеген. Оның бүгінде 240-ы орындалып, 5 тапсырма аясында жұмыстар жүргізілуде.