ТҮРКІСТАН: ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Тарихи таным» экспедициясы ұйымдастырылды

0
114

Сырлы Созақ пен киелі Түркістан қаласы арасын жалғаған шара түрлі этнос жастарының қатысуымен өтті.


ТҮРКІСТАН: ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Тарихи таным» экспедициясы ұйымдастырылды

Түркістан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Тарихи таным» экспедициясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Тарихи таным» экспедициясы ұйымдастырылды. Сырлы Созақ пен киелі Түркістан қаласы арасын жалғаған шара түрлі этнос жастарының қатысуымен өтті. Бұл сапар - ел тарихын тануға, рухани мұраны насихаттауға және этностардың татулығын дәріптеуге бағытталған.


Экспедиция мүшелері Түркістан қаласындағы «Достық үйінен» сырлы Созаққа жолға шықты. Делегация құрамында өңірдегі «Ассамблея жастарының» белсенді мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң басшылығы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері бар. Шара мақсаты - туристік маршрутты қалыптастыру, тарихи нысандар туралы деректі-танымдық фильм дайындау. Сондай-ақ, экпедиция мүшелері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына үлес қосып, тазалық шарасын да ұйымдастырды.


Сапар аясында экспедия мүшелері Созақ ауданындағы тарихи-мәдени нысандарды аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Танымдық-тағылымдық сапар жастарға рухани байлық қана емес, сондай-ақ жаңа идеялар мен ынтымақтастыққа жол ашып, патриоттық сезімді нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Бөлісу