ТҮРКІСТАН: ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті

0
246

Кездесуге қатысушылар алдымен «Достық үйі» ғимаратын аралап көрді.


ТҮРКІСТАН: ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті

Түркістан облыстық маңызы бар жолдарды қардан тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті. Мақсаты – толеранттылықты нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар барысы және өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру.


Кездесуге қатысушылар алдымен «Достық үйі» ғимаратын аралап көрді. Және ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты.


Келелі жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, мекеме қызметкерлері және Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшелері, өңірдегі белгілі журналистер, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек жүргізіп отырды.


Алқалы басқосуда сөз алған Ертай Алтаев қоғамдық келісімді нығайту бағытында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала отырып, БАҚ өкілдері тек ақпаратты жеткізіп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік саясатты қабылдауын қалыптастыратынын жеткізді.


Өз сөзінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев этика қағидаларын сақтау, сондай-ақ этносаралық мәселелерді жариялау мәселесінде журналистер қауымында жауапкершілікті қалыптастыру қажеттігін атап өтті.


Сонымен қатар іс-шара барысында әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Шаңырақ» шығармашылық байқауының таныстырылымы өтті. Аталған байқау 2025 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Президенттің «2025 жыл – «жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты ұйымдастырылуда.


Бұл ретте, әлеуметтік желі қолданушылары үздік жазбалар бойынша «Бауырлас» атты тақырыпта бақ сынайды. Байқаудың жүлде қоры – 1 млн теңге. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері 25 қазан – Республика күні қарсаңында марапатталады.

Бөлісу