Кеңесте «Қоғамдық келісім» КММ-нің жаңа басшысы таныстырылып, сонымен қатар кеңестің жаңа құрамы бекітілді.
Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Күн тәртібінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Кеңестің 2019 жылдың екінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар мен бірқатар мәселелер тыңдалды.
Кеңестің мақсаты - жер-жерлердегі мәселелердің түйінін тарқатып, олардың оңтайлы шешілуіне үлес қосу, өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеп, оның орындалуына қоғамдық бақылау орнату, ел арасына іріткі салатын азаматтарды «тізгіндеу» арқылы тұрақтылықты сақтау, дауласқан азаматтарды кеңес отырыстарында тыңдап, тараптарды татуластыруды көздейді.
Сондай-ақ, өткен Кеңес отырысында облыстық ҚХА хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков облыстық ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ-нің жаңа басшысын Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызын таныстырды.
Сонымен қатар, Төлеби, Келес, Бәйдібек аудандарынан және облыстық білім мен мәдениет және тілдерді дамыту басқармаларынан Кеңес құрамына сайланған азаматтардың белгілі себептермен ауысуларына байланысты орындарына жаңа азаматтар тағайындалып, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің жаңа құрамы бекітіледі.
Сайрам аудандық Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков атқарған жұмыстарын Кеңес мүшелерінің алдынада баяндама жасады.
«Сайрам аудандық Қоғамдық келісім кеңес құрамы барлығы 117 мүшеден тұрады. Барлық ауыл округтердің ғимараттарында Қоғамдық келісім кеңесіне арнайыжұмыс кабинеттері берілген. Қоғамдық келісім мүшелеріаталған азаматтық қоғам институттарымен және ауылдық медиаторлармен бірлесе ағымдағы жылдың 5 айында 259 отбасылық, тұрмыстық, еңбек, білім саласы, жерге қатысты және көршілердің даулы мәселелері қаралып, 227 даулы мәселелерді сотқа жеткізбей қарап,олардыңоң шешілуіне көмектерін көрсетіп отыр»,- деді Сайрам аудандық Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков.
Жиында әлеуметтік сала бойынша жасалған ұсыныстар, олардың жүзеге асуы хаттамаға енгізіліп, шешу жолдары қарастырылатындығы жайында облыстық ҚХА хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков айтып өтті.