ТҮРКІСТАН: Қоғамдық көлік жүргізушілері 1400-ден астам жол қауіпсіздік ережесін бұзған

0
1 418

Бұл Түркістан облысында өткен "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталған.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық көлік жүргізушілері 1400-ден астам жол қауіпсіздік ережесін бұзған

Түркістан облысында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 70 автобустарды заңсыз қайта жабдықтау жайты анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өздеріңізге белгілі болғандай, 10-17 қазан күндері аралығында Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп, облыс аумағында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Негізгі мақсат-жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жолдар бойында орын алатын апатты азайту және жол қозғалысы ережелерін сақтаудың алдын алу болып табылады. Жеделдетілген-профилактикалық іс-шараға 400 полиция қызметкерлері, жол инспекциясы, прокуратура және басқа да мемлекеттік, қоғамдық органдардың өкілдері қатысуда. Полицейлер көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау және т.б деректерін анықтаудың белгіленген ережелеріне сәйкес автобустарды тексерді.

"Автобус" жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті полиция қызметкерлері 4 күн ішінде қоғамдық автокөлік жүргізушілерімен жасалған 1421 жол қауіпсіздік ережесін бұзғандарды анықтады. Рейдтік іс-шара барысында заңсыз қайта жабдықтаудың 70 дерегін, 17 заңсыз жолаушы тасымалдау жайтын және ластанған заттардың асып кетуі бойынша 8 жайт анықталды. Сондай-ақ «Автобус» ЖПІШ барысында 206 заңсыз жолаушы мен жүксалғыштармен жүктерді тасымалдау жайты, міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 83 жайты, рейс алдындағы ТҚК және медициналық байқаудан өтпеудің 14 жайты, азаматтық-құқықтық жауапкершіліксіз автокөлікті басқарудың 20 дерегі анықталды және азаматтық-құқықтық жауапкершіліксіз автокөлікті басқарудың 65 дерегін белгілі болды.

Одан бөлек патрульдік полицейлер ұялы телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін 293 жүргізушіні, жылдамдықты арттырғаны үшін – 88 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 131 көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, жол қауіпсіздік ережелерін бұзған мемлекеттік нөмер алынған немесе айыппұл тұрағына қамауға алынған 41 транспорттық құрылғыны, сондай-ақ 200 автобустың электр жабдықтарымен басқа да техникалық құралдардың жағдайына сәйкестігі тексерілді.

Еске сала кетсек, «Абтобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2019 жылдың 17 қазанына дейін жалғасын табады.