Кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіріп үлгерген арыстық азаматтарға «Қамқор» бағдарламасы арқылы «Ырыс» микроқаржы ұйымы 5 миллионға дейін, 1 пайызбен несие беріп отыр.
Кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіріп үлгерген арыстық азаматтарға «Қамқор» бағдарламасы арқылы «Ырыс» микроқаржы ұйымы 5 миллионға дейін 1 пайызбен несие беріп отыр. «Ырыстық» менеджерлер «Қамқор» бағдарламасы аясында елуге жуық кәсіпкерге 200 миллион теңгеге жеңілдетілген несие беріп үлгерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде жүзден астам кәсіпкердің өтініштері қаралып шықты.
Туманова Алтынай Арыстағы кәсібін табыс жолына қойған кәсіпкерлердің біріне жатады.
Азық-түлік дүкеніне және ұн алуға 5 миллион теңге несие алды. Осылайша көпбалалы ана жеңілдетілген несие арқылы өз кәсібін кеңейтуге үлкен мүмкіндік алып отыр. Осы уақытта Арыс қаласының орталық көшелерінде орналасқан «Алтынай» дүкені халықтың игілігі үшін жұмыс жасап тұр. Кәсіпкер ананың кәсіптері табысты, жұмыстарды жемісті болуы қуанатын жағдай.
Әлия Күлбаева да «Ырыс» микроқаржы ұйымынан жақында «Қамқор» бағдарламасы аясында, «Құрылыс заттары дүкеніне» 5 миллион теңге несие алған. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау тауып отырған көпбалалы ананың құрылыс дүкені табысты жұмыс жасап жатқан жайы бар.
Естеріңізге сала кетсек, «Қамқор» бағдарламасы аясындағы несие 5 миллионға дейін кепілсіз беріледі.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей тапсырмасымен, Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен қысқа уақытта «Қамқор», «Кәсіпкер ана» бағдарламалары «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан қолға алынды. Сондай-ақ, «Жас кәсіпкер» бағдарламасының несие шарттары жеңілдетіліп 4 пайыздан, 1 пайызға төмендетілді.