«Easy project» ақпараттық жүйесі құрылды
Түркістан облысында 1482 көппәтерлі тұрғын үй бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Отырыста облыстағы мүлік иелері бірлестігі бойынша соңғы мәліметтер баяндалды.
Жалпы, Түркістан облысында 1482 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде, басқару органдарын құруды қажет ететіні 1348, қалған 127 КПТҮ коммуналдық меншігінде. Республикалық деңгейде жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін «Easy project» ақпараттық жүйесі құрылды, оған көп пәтерлі тұрғын үйлер туралы барлық ақпарат жүктелуі тиіс. Облыстың барлық көппәтерлі үйлері осы жүйеге енгізіледі. Кондоминиум нысандарын басқарудың жаңа бағытына көшу жөніндегі жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқтау көзделген.