ТҮРКІСТАН: Көршісінің балтасын ұрлаған ер адам сотталып кете жаздады

0
1 011

Қылмыстық әрекеті үшін сотталушыға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.


ТҮРКІСТАН: Көршісінің балтасын ұрлаған ер адам сотталып кете жаздады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны көршісінің ауласынан балта ұрлаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны А.Ш. жәбірленуші Н.Т.ның үйінің ауласына кіріп, балтасын ұрлап кеткен. Бұл әрекеті үшін сотталушыға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігімен айып тағылған. Сондай-ақ, басты сот талқылауы барысында сотталушы өз ісіне өкінетіндігін, жәбірленушіден кешірім сұрап, оған келтірген шығынды өтеп бергенін айтқан.

Сонымен қатар, сотталушы А.Ш. жәбірленуші Н.Т. мен медиация тәртібімен келісімге келіп, татуласқанын жеткізді. Нәтижесінде, бөтеннің ауласынан балта жымқырып, сот жағалап кеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс сот қаулысымен өндірістен тоқтатылып, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Айта кетейік, қаулы заңды күшіне енген.