ТҮРКІСТАН: Құқық бұзушыны қуған полицей қаза тапты

0
277

Министр көңіл айтты


ТҮРКІСТАН: Құқық бұзушыны қуған полицей қаза тапты

Түркістан облысында полиция инспекторы қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында құқық бұзушыны қуу кезінде жол-патрульдік полиция инспекторы көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Facebook желісіне азып, көңіл айтты.


— Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, — деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Бөлісу