Райымбек Сейтметов есімі берілген көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Түркістанда мәдениет қызметкерлері тазалық акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында тағылымды тазалық шарасын ұйымдастырды.
Игі бастама аясында Түркістан өңірінде кәсіби театр өнерінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ сахна өнерінің көрнекті өкілі, ҚР Халық артисі Райымбек Сейтметов есімі берілген көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шараға театр ұжымы мен университеттің «Өнер, медиа және дизайн» факультетінің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын насихаттады. Сонымен қатар, бұл бастама ұлағатты тұлғаға көрсетілген құрметтің, туған жерге деген жанашырлықтың және мәдениет қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігінің жарқын көрінісіне айналды. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын киелі Түркістанның тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, туған өлкенің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырды.


