Мақтаарал ауданында қазіргі таңда 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков аталған нысандарды аралап, жұмыстардың сапасын арнайы тексеріп қайтты.
Мақтаарал ауданының Атакент кентінде орналасқан "Мақтаарал» мектеп-гимназиясында басталған күрделі жөндеу жұмыстарының қазіргі кезеңі бойынша - шатыр жабу жұмыстары 25 пайыз орындалса, ішкі әрлеу жұмыстары 60 пайыз, электр жүйесі 75 пайыз, кәріз жүйесі 65 пайыз аяқталған. Екінші нысан – Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің А және В блоктарында шатыр жабу және фасад жұмыстары аяқталуға жақын, ал стадионның жөндеу жұмыстары 50%-ға орындалған. Атакент қалашығында орналасқан О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінде шатыр жабу жұмыстары 60 пайыз, ішкі әрлеу жұмыстары 40 пайыз, электр жүйесінің жүргізілуі 65 пайызға аяқталған.
Сондай-ақ, Мырзакент кентіндегі «Мырзакент» мектеп-гимназиясында да күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде қыш қалау жұмыстары аяқталған. Ал, Жаңа жол ауылдық округінде орналасқан «Жаңа жол» жалпы орта мектебінде жөндеу жұмыстары қарқынды.
Аудан әкімінің орынбасары жоғарыда аталған нысандарда жөндеу жұмыстарының сапалы және уақытылы аяқталуы қажеттігі жөнінде мердігер мекемелерге тапсырмалар берді.