ТҮРКІСТАН: «Мақтаарал» командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

0
878

Осы жеңістен кейін 12-орынға көтерілді.


ТҮРКІСТАН: «Мақтаарал» командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Спорт күні «Мақтаарал» командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20 туры өтті. Түркістан облысының «Мақтаарал» командасы Талдықорғанда жергілікті «Жетісумен» кездесті.


Ойын тең дәрежеде өтті. Дегенмен қырағылық әрі өткірлік танытқан мақтааралдықтар ойынның 79-минутында соғылған гол арқылы маңызды 3 ұпайға ие болды. Осы жеңістен кейін ұпай санын 15-ке жеткізген «Мақтаарал» 12-орынға көтерілді.


Баспасөз мәслихатында команданың бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов қайсар мінез бен жеңіске деген құштарлығын көрсете білген шәкірттеріне алғысын жеткізді.