Тазалық шарасына 400-ден астам адам қатысты.
Мақтааралда 400-ден астам адам қатысқан тазалық шарасында 2,5 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы Мақтаарал ауданында да өз жалғасын табуда. Өңірде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы ретте ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстарын тұрақты өткізу бойынша арнайы жоспар бекітілген. Жоспар бойынша Бірлік ауылдық округі Алғабас елдімекенінде сенбілік жұмыстары өтті.
Округ әкімдігі, ауыл билері мен ардагерлері, әжелер алқасының бастамасымен өткен тазалық шарасына барлық мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік нысандардың ұжымдары мен тұрғындар атсалысып, барлығы 400-ден аса адам қатысты.
Тазалық жұмыстары барысында 2,5 тонна күл-қоқыс шығарылып, арық-атыздардың бойы, ішкі көшелер, аяқжолдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар күл-қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары өз үйінің аулаларын тазартып, ағаштарды әктеді. Сондай-ақ, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстарға белсенді жастар мен еріктілер де өз үлестерін қосты.