ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 50 отбасы баспаналы болды

0
847

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мақтаарал ауданында аз қамтылған көпбалалы отбасылар баспаналы болды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 50 отбасы баспаналы болды

Аудан әкімі Бақыт Асанов "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында сатып алынған жаңа үйлердің кілттерін тұрғындарға ресми түрде табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бұған дейін Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген мөлтек ауданнан кезекте тұрған 16 отбасыға үй берілген еді. Міне, бүгін аз қамтылған көпбалалы отбасылардың қуанышына ортақтасып отырмыз. Біз алдағы уақытта Мырзакент кентінен көпқабатты тұрғын үйлерді салуға кірісеміз. Осылайша, үй кезегінде тұрған мақтааралдықтардың мәселесін жыл сайын шешіп отыратын боламыз. Ендеше, жаңа баспаналарыңызда тек қана қуаныш, тойлар болсын!" - деді Бақыт Насырханұлы.
Аталған жаңа үйлер А.Қалыбеков ауылдық округі Төрткүл ауылында, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ырысты ауылында, Еңбекші ауылдық округі Шұғыла ауылында және Бірлік ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаев ауылдарында орналасқан.
Жаңа үйлердің әрбірінде кіреберіс дәліз, 3 жатын бөлмесі, 1 асхана және жуынатын бөлме (санузель) бар. Үйлер толықтай жылу жүйесімен, салқын және жылы сумен қамтылған.
Айта кетейік, алдағы уақытта Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған жаңа мөлтек ауданнан 5 қабатты 14 тұрғын үй, яғни 740 пәтер салыну жоспарлануда.