​ТҮРКІСТАН: Мақтааралда кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр

0
874

Бұған дейін аудандағы жұмысын жаңадан бастаған аудан кәсіпкерлері мен екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жұмыссыз жастар аудандағы тіркеме шығаратын және мақтаөңдеу зауыттарында болып, жұмысымен танысқан болатын.


​ТҮРКІСТАН: Мақтааралда кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр

Мақтааралда жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ауданның жұмыссыз жастары кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысуда деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан жастары арасында кәсіпкерлік саласын дамыту, кәсіпкерлікке жастарды қызықтыра отырып жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен аудан жастары Еңбекші ауылдық округі, Жайлыбаев ауылында орналасқан «Ғибрат-Құрылыс» ЖШС жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Шолпан Дүйсенбинаның өз қаржысы есебінен 110 млн. теңгеге салынған зауыт жылына 4000 дана темірбетон құбырларын шығаруға қауқарлы. Бүгінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне септігін тигізіп отырған аталмыш зауытта 100-ге тарта жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірілген өнімдерін Мақтаарал ауданымен қатар көршілес Жетісай, Шардара, Сарыағаш және Келес аудандарына өткізіп отырған зауыт алдағы уақытта ауқымын кеңейтіп, қуаттылығын арттыруды да жоспарлап отыр.

«Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Міне, осы мақсатта біз аудандағы жұмыссыз жастардың басын қосып, зауытқа экскурсия ұйымдастырдық. Зауыт басшылары мұндағы жұмыс барысымен, өнім сапасымен жастарды кеңінен таныстырды. Экскурсияға қатысу арқылы жастарымыз өзіне қажетті мағлұматтарды жинақтап, жақсы мотивация алды деген ойдамыз»,- дейді Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев.

Бұған дейін аудандағы жұмысын жаңадан бастаған аудан кәсіпкерлері мен екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жұмыссыз жастар аудандағы тіркеме шығаратын және мақтаөңдеу зауыттарында болып, жұмысымен танысқан болатын.