Шараға Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлы арнайы қатысты.
Қазақы қаймағы бұзылмаған Мақтаарал ауданының «Ақ Алтын» мәдениет үйінде аудандық «Күз аруы – 2019» байқауы болып өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
“Жастар жылы” аясында қазіргі қазақ қыздарының жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастырып, ұлттық менталитетімізге лайықты сұлу болмысын, бүгінгі рухани келбетін дәріптеу, ұлт дәстүрі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптарын бойына жинақтаған ақылына көркі сай парасатты қыздарымызды халыққа таныту, оларды тілі мен дінін, ұлт руханияты мен мәдени мұраларды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу, ұлтымыздың әдебиеті мен өнерінен сусындаған зерделі де зерек аруларымыздың кескін-келбетін айшықтау, қоғамдағы қазақ қыздарының белсенділігін арттырып, шығармашылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа аудандағы кенттер мен барлық ауылдық округтерден 11 ару қатысты.