ТҮРКІСТАН: Мал шаруашылығы аустралиялық тәсілмен дамытылады

0
58

Экспорттағы ірі қара мал етінің 80%-ы, яғни, 6,9 мың тоннасы, қой етінің 75%-ы өңірімізге тиесілі.


ТҮРКІСТАН: Мал шаруашылығы аустралиялық тәсілмен дамытылады

Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде көшбасшы саналады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.


– Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде көшбасшы саналады. Экспорттағы ірі қара мал етінің 80%-ы, яғни, 6,9 мың тоннасы, қой етінің 75%-ы өңірімізге тиесілі. 4,7 мың тонна қой еті экспортталды. Аустралия елінің тәжірибесін қолданып, ет кластерін дамытуды жоспарлап отырмыз. Заманауи мал биржасы, бордақылау кешені, ет өнімдерін терең және қайта өңдеу бағытында 5 жобаны іске асыру көзделуде. Бұл бағытта 55 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынып, 600 жұмыс орны құрылды. 35 мың тонна өнім шығарылады, – деді Дархан Сатыбалды.


Аймақта сүт өндірісін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша 2 ірі тауарлы сүт фермасы жобасы жүзеге асырылды (12,6 мың сүт ). Жобалардың құны – 7,8 млрд. теңге.

Бөлісу