ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

0
872

Облыс әкімінің марапатына ие болғандар да бар.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Жетісай ауданында мемлекеттік қызметшілер мерекесі аталып өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданында 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің бүгінгі рөлі, мойнындағы міндеттері үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін атап өтті.

«Құрметті әріптестер! Сіздерді 23 маусым кәсіби мерекеміз – мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Сондықтан мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі саналады», - деді Жамантай Қанайұлы.

Жиын барысында аудан әкімі облыс және аудан экономикасы мен әлеуметтік дамуына аянбай еңбек етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметкерлерге облыс, аудан әкімінің атынан алғыс хат табыс етті. Солардың қатарында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы грамотасымен марапатталғандары да бар.