ТҮРКІСТАН: Мұнай өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қабылданды

0
68

Мониторинг барысында жанар-жағармай тасымалдайтын көліктерге арнайы тексерулер жүргізіліп, заңсыз айналымға қарсы бақылау күшейтілді.


ТҮРКІСТАН: Мұнай өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қабылданды

Түркістан облысында мұнай өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және заңсыз тасымалдаудың алдын алу шаралары қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Кәсіпкерлік және сауда басқармасы Қазығұрт және Сарығаш аудандарында мемлекеттік органдардың қатысуымен мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аудандық әкімдіктер мен сауда субъектілеріне жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарудың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.


Қапланбек және Қазығұрт шекара бекеттерінде жағдайды бақылау мақсатында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасы қызметкерлері жұмылдырылды. Олар мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау деректерінің жолын кесу бойынша қажетті шараларды атқаруда.


Мониторинг барысында жанар-жағармай тасымалдайтын көліктерге арнайы тексерулер жүргізіліп, заңсыз айналымға қарсы бақылау күшейтілді.


Кәсіпкерлік және сауда басқармасы өңірдегі мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және заңсыз тасымалдаудың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Бөлісу