Түркістан музыкалық драма театрында «Пейіш» спектакльінің премьерасы өтті

0
91

Руханият пен өнер тоғысқан кеште көрермен қауым терең мазмұнды, тағылымы мол қойылымның куәсі болды.


 Түркістан музыкалық драма театрында «Пейіш» спектакльінің премьерасы өтті

Түркістан музыкалық драма театрында «Пейіш» спектакльінің премьерасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан музыкалық драма театры сахнасында «Пейіш» атты жаңа спектакльдің премьерасы жоғары деңгейде өтті. Руханият пен өнер тоғысқан кеште көрермен қауым терең мазмұнды, тағылымы мол қойылымның куәсі болды.


Қойылым қырғыз режиссері Руслан Акуннің «Пейіш» фильмі негізінде сахналанып, адам жанының нәзік иірімдерін, мейірім мен сенімнің шынайы болмысын көркем тілмен өрнектеді. Спектакльдің өзегіне айналған аналық алақанның жылуы, балалық сенімнің мөлдірлігі мен үнсіз құрбандықтың биік парасаты сахналық шешім арқылы әсерлі жеткізілді.


Қойылымның режиссері – Әли Бидахмет, инсценировка авторы – Қазыбек Аманжол.


Сахна төрінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Нөгербек пен Гүлмира Жакилина, сондай-ақ театр артистері кәсіби шеберліктерін танытып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


Премьера кеші рухани тереңдігімен, сахналық көркемдігімен және актерлік шынайылығымен ерекшеленіп, театр репертуарын мазмұндық әрі идеялық тұрғыдан байытқан жаңа туынды ретінде бағаланды.

Бөлісу