ТҮРКІСТАН: "Нұр Отан" партиясының ұсынысымен үйлерге газ қосу құны төмендеді

0
1 047

Түркістан қаласында тұрғын үйлерге газ қосу жұмысының бағасы "Нұр Отан" партиясының ұсынысымен 106 мыңнан 85 мың теңгеге төмендеген.


ТҮРКІСТАН:

Түркістандықтар 85000 теңгемен тұрын үйіне газ кіргізе алады деп хабарлайды – ERNUR.KZ тілшісі.


«Нұр Отан» партиясының араласуымен бұған дейін 106 мың теңге болып келген жұмыстар, 80 мыңға төмендеген. 6 мың теңгесі газдан улануды алдын алатын құралдың бағасы. Мердігер мекеме құрылғының 1000 теңгесін төлеуді өз міндетіне алыпты. Сонда тұрғындар газ кіргізу үшін 85000 теңге төлеуі керек.
Бұл қаржыны да түркістандықтар ішкі құрылыс жұмыстарының барысына орай үш бөліп төлей алады.
«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.